Финляндияда Қазақстан Президентінің Жолдауын талқылады
Финляндия Қазақстанмен білім, ғылым, жасыл энергия, цифрландыру, көлік-логистика саласында байланысты тереңдетуге ынталы. Бұл туралы елдің іскерлік топ өкілдері Хельсинкиде Президент Қ.Тоқаевтың биылғы Жолдауын талқылауға арналған жиында мәлімдеді. Финляндияның мемлекеттік органдары, академиялық топ өкілдері мен кәсіпкерлер бас қосқан жиында Қазақстанның жаңа даму кезеңіндегі басымдықтары әңгіме өзегіне айналды. Елшілік өкілдері жиналғандарға елдегі саяси-экономикалық жаңғырудың негізгі бағыттары жайлы баяндады. Сарапшылардың пайымынша, Қазақстандағы экономиканы әртараптандыру, өндірістік әлеуетті арттыру, адами капиталға инвестиция салу-ел дамуының стратегиялық басымдықтары.
Тарья Тейттинен, «Eastcham»ұйымының директоры:
Президент Тоқаевтың бастамалары біз үшін өте қызықты. Себебі Финляндияның Шығыс аймағындағы компаниялардың дені Президент айтқан басым бағыттар, құрылыс, өзге де салаларда жұмыс істейді. Яғни осы салаларда әріптестікті арттыруға әлеует зор. Жиында даму бағдарламасымен жіті танысып, мазмұнды пікір алмасқанымызға қуаныштымыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы