Жасыл энергиядан қуат алу арта түседі
Президент жолдауда 2029 жылға қарай энергия өндіруде тұрақты профицитке қол жеткізу керектігін айтты. Бұл бағытта Жамбыл облысында алдағы үш жылда жасыл энергия нысандарынан өндірілетін қуат көзін 2,5 гигаваттқа жеткізу жоспарланған. Ал бұл өңір тұрғындары тұтынантын электр қуатының 60%-на тең. Аймақтағы ауқымды жобаның бірі Жуалы ауданындағы «Бурное Солар» күн электр станциясы. 150 гектар аумақтағы нысанның 2015 жылы бірінші, 2018 жылы екінші кезеңі іске қосылды. Мұнда 400 мыңға жуық күн панельі бар. Сағатына 100 мегават өндіреді. Күн көзінен алынған энергия 70 мың тұрғын үйді қуат көзімен қамтуға жетеді.
Мұрат Ташметов, күн электр станциясының инженері:
Автоматты түрде жұмыс жасайды. Тек қана бізге ОНДМ офисқа мониторинг жүргізілген. Мониторингта әр панельдің әр стринганың қалай жұмыс жасауын көріп тұрамыз. Апатты өшіп қалған жағдайда бізге сигнал келеді. Сол сигнал бойынша келіп қалыпқа келтіреміз.
Жамбыл облысы жасыл энергетикадағы әлеуеті бойынша республикада үздік үштікке кіреді. Аймақта жалпы қуаты 571 мегаватт болатын 22 нысан бар. Оның 10-ы жел, 6-ы су, тағы 6-ы күн электр станциясы. Ал 2029 жылға дейін тағы екі ірі инвестициялық жоба іске қосылады. Нәтижесінде баламалы энергия алу бес есе артпақ.
Нұрәділ Әбдірахман, облыстық энергетика басқармасының бөлім басшысы:
Мойынқұм ауданында «Тотал эренж» ЖШС тарапынан қуаты 1 Гегаватты құрайтын жел электр станциясы 2028 жылы іске асыру жоспарлануда. Одан бөлек Сарысу, Талас аудандарында «Mazdar» компаниясы тарапынан қуаты 1 гегаватты құрайтын жел электр станциясы 2029 жылы іске асыру жоспарлануда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы