Жастар Президент Жолдауын жан-жақты талқылады
Білім сапасын арттыру, еңбек нарығын дамыту, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану. Президент Жолдауында айқындалған осы және өзге де міндеттер «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты өткізген «Bir Tolqynda» диалог алаңында жанжақты талқыланды. Президент жолдауында цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту тақырыбына айрықша тоқталған еді. Осы бағытта «Әділет» партиясы жастардың технологиялық сауаттылығын арттыруға ден қойып отыр. Мәселен, «Жасампаз AI» жобасын іске асырмақ. Ол кәсіби бағдар беруге, еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды меңгертуге және жұмысқа орналасуына қолдау көрсетуге бағытталған. Жалпы еліміз бойынша, 2031 жылға дейін 5 миллион азаматты жасанды интеллект негіздеріне оқыту көзделген.
Ержан Жылқыбаев, «Әділет» партиясы төрағасының орынбасары:
Мемлекеттің болашағы білімді прогрессивті жастарда ғой. Осындай жастардың ашық пікірін естіп, жолдауды түсіндіру бағытында жиналдық. Бұған дейін бүкіл өңірлерде «Бір толқында» жобасы аясында жастармен көп кездестік. Республика бойынша 3 мыңнан астам жастар бар, еңбек ұжымдары бар, әлеуметтік сала мамандары бар жолдауды түсіндіру жүріп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы