Басты Жаңалықтар «Наурыз» бағдарламасы: өңірлерге жеке лимит бөлінуі мүмкін

«Наурыз» бағдарламасы: өңірлерге жеке лимит бөлінуі мүмкін

«Наурыз» тұрғын үй бағдарламасы аясында өңірлерге жеке лимиттер бөлу ұсынылды. Бұл бастаманы «Отбасы банктің» басқарма төрағасы көтерді. Оның айтуынша, соңғы үш жылда бағдарлама қатысушыларының 60-70 пайызы Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан баспана таңдаған. Осыны негізге алған ол Жезқазған сияқты қалаларға 100-200 пәтер көлемінде жеке лимит қарастыруды ұсынды. Бастама өңірлердегі тұрғын үй нарығын дамытуға және жергілікті халықтың баспана жағдайын жақсартуға бағытталған. Әзірге бұл – банк басшылығы ұсынған бастамасы.

Бөлісу