Басты Жаңалықтар Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ

Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ

Оңтүстік Корея жасанды интеллектіні дамытуға мол қаржы құймақ. Мақсат – елдің экономикалық әлеуетін арттыру. Президент Ли Чже Мён жасанды интеллектіге қатысты жаһандық бәсеке күшейген сайын бюджет шығындарын келесі жылы рекордтық 615,62 миллиард долларға дейін арттыруды ұсынды. Жасанды интеллект саласына инвестициялардың артуымен Оңтүстік Корея экспорты биыл 1 триллион долларға жетуі ықтимал. Ел экономикасының өсіміне озық чиптерге сұраныстың артуы айтарлықтай ықпал етіп отыр.

Бөлісу