Басты Жаңалықтар Президент Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасын қабылдады

Президент Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады. Ол президентке атом электр станцияларының құрылысы, салаға маман даярлау және отандық жобалардың үлесін арттыру бағытындағы жұмыстар туралы баяндады. Сонымен қатар Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру, радиоактивті қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық базаны нығайту мәселелеріне назар аударылды. Президент ұлттық атом энергетикасын дамыту мәселелерін ерекше бақылауда ұстауды тапсырды. Сондай-ақ Атом саласын дамыту стратегиясында белгіленген міндеттерді орындау үшін қажетті шараларды уақтылы қабылдау керек екенін айтты.

Бөлісу