Басты Жаңалықтар Креативті экономика туралы заң жобасы әзірленіп жатыр

Креативті экономика туралы заң жобасы әзірленіп жатыр

Креативті индустрияны дамытуға бағытталған жаңа заң жобасы әзірленіп жатыр. Құжатта отандық таланттарды қолдау, олардың өнімдері мен туындыларын шетел нарығына шығаруға жағдай жасау көзделген. Бұл туралы сала сарапшыларымен бас қосқан партия өкілдері мәлімдеді. Жаңа заң жобасы кино, музыка, өнер, IT және цифрлық технологиялар салаларын қамтиды. Негізгі міндет - шығармашылықпен айналысатын азаматтардың мүмкіндігін кеңейтіп, олардың еңбегін экономикалық табысқа айналдыру. Ол үшін салықтық жеңілдіктер мен өзге де қолдау тетіктері қарастырылып жатыр. Сонымен қатар, Қазақстандағы таланттардың шетелге кетуін азайтып, керісінше, шетелдік мамандарды елге тарту көзделген. Отандық өнімнің экспорттық әлеуетін арттыру да - басым бағыттардың бірі.

Дархан Ахмедиев, Құрылтай депутаты:

Бұл біздің бірінші кездесуіміз ұйымдастырып отырған. Жұмыс тобын енді құрып жатырмыз. Бұл айтылған ұысынстарды приоритеттеу. Одан кейін заң жобасына Үкіметпен келісіп, қоятын баптарды айқындайтын боламыз.

Бөлісу