Инчхон-2014. Дзюдошы Әзиз Қалқаманұлы жүлделі орынға іліге алмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инчхон-2014. Дзюдошы Әзиз Қалқаманұлы жүлделі орынға іліге алмады

21.09.2014
Инчхон-2014. Дзюдошы Әзиз Қалқаманұлы жүлделі орынға іліге алмады

81 келідегі Әзиз Қалқаманұлы 1/8 финалда индонезиялық Путу Вирадамунга Адестаны 100:0 есебімен ұтты.

Ширек финалда Әзиз өзбекстандық Яхъе Имамовты да 100:0 есебімен жеңген болатын.

Осыдан кейін қазақстандық палуан Ливан елінің палуаны Насиф Елиаспен финал үшін күресте жеңіліп, қола жүлдеге күресуге мүмкіндік алған еді.

Алайда, бұл бұл белдесуде моңғолиялық палуан Дагвасурен Ниямсурен басым түсіп, Әзиз медальға іліге алмады.

Хабарламаларға жазылу