Басты Жаңалықтар Зейнетақы жинағын жекеменшік компанияларға аударатын азаматтар саны 3 есе артты

Зейнетақы жинағын жекеменшік компанияларға аударатын азаматтар саны 3 есе артты

Қазақстанда зейнетақы жинағын жекеменшік басқарушы компанияларға аударатын азаматтар саны күрт артты. Бірінші кредиттік бюроның дерегінше, қыркүйек айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан инвестициялық портфельді басқарушыларға 58,3 миллиард теңге аударылған. Бұл тамыз айымен салыстырғанда 5,1 есе көп. Ал жинағын жеке басқаруға сеніп тапсырған азаматтар саны 3 есе артып, 36 700 адамға жетті. Бұл – соңғы 5 жылдағы рекордтық көрсеткіш. Сарапшылар мұндай өсімді заңнамадағы өзгерістермен байланыстырады. Есте болса, 7 қыркүйектен бастап қазақстандықтарға зейнетақы жинағының 100 пайызын жеке инвестициялық компаниялардың басқаруына беру мүмкіндігі жасалды.

Бөлісу