Басты Жаңалықтар Премьер-министр ICAO Бас хатшысымен кездесті

Премьер-министр ICAO Бас хатшысымен кездесті

Үкімет басшысы Олжас Бектенов ICAO Бас хатшысы Хуан Карлос Саласармен кездесті. Мейман Қазақстан әуежай және аэронавигациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша маңызды шешімдер қабылданып, еліміздің авиакомпаниялары әуе кемелері паркін жаңартып, халықаралық маршруттық желіні кеңейтіп жатқанын атап өтті. Қазақстан авиациялық қауіпсіздік деңгейі бойынша 95,7 пайыз көрсеткішпен әлемнің үздік 20 мемлекетінің қатарына кіреді. Соңғы бес жылда авиация саласының жалпы қызметі 6,5 есеге өсіп, 2,9 миллиард долларға жетті. Тараптар авиациялық қауіпсіздікті күшейтіп, саланың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге уағдаласты.

Бөлісу