Кей санаттағы азаматтарға жылжымайтын мүлікті тегін рәсімдеуге болады
Енді белгілі бір санатқа жататын азаматтар пәтер немесе үй сатып алу, сыйға тарту және мұраны рәсімдеу кезінде нотариус қызметіне ақы төлеуден босатылады. Нақтырақ айтсақ, соғыс ардагерлері, мүгедектігі бар азаматтар мен ерекше баланы өсіріп отырған заңды өкілі, «Батыр ана» атағын алғандар, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында тұратын қарттар осы қызметті тегін пайдаланады. Ал жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған 18 жасқа дейінгі балаларға, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктеріне 50 пайыз жеңілдік қарастырылған. Қазақстанда жылжымайтын мүлікті нотариус арқылы рәсімдеу 30 мыңнан 70 мың теңгеге дейін жетеді. Жақын туыстар арасында пәтерді сатып алу-сату немесе сыйға тарту шартын рәсімдеу шамамен 30-43 мың теңге. Нотариусқа төленетін қаражат екіге бөлінеді. Біріншісі – мемлекеттік баж, екіншісі – нотариустың қызмет ақысы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы