Алматыда пәтер 5%-дық жеңілдетілген ипотекамен беріледі
Алматыда 5 пайыздық жеңілдетілген ипотекамен 600-ге жуық пәтер беріледі. Өтінім 22 қазаннан бастап қабылданады.
Бағдарлама аясында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға пәтерлер Наурызбай ауданындағы Достық шағын ауданында орналасқан «Қалқаман-2» тұрғын үй кешенінен беріледі. Бір шаршы метрдің бағасы – 359 мың теңге. Тұрғын үйлердің ауданы 35-тен 79 шаршы метрге дейін. Бағдарламаға қатысу үшін азаматтар тұрғын үйге мұқтаждар кезегінде тұруы қажет. Сонымен қатар «Отбасы банкте» жинақ шоты болуы және несие сомасының кемінде 10 пайызы көлемінде бастапқы жинағы болуы міндетті. Пәтерлердің 70 пайызы басым санаттағы азаматтарға, ал 20 пайызы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға бөлінеді. Қатысушыларды іріктеу 3 қарашада аяқталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы