Басты Жаңалықтар Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады

Бүгін Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы Айтқұрман Омарбековті және Қорғаныс министрінің орынбасары Татьяна Савельеваны қабылдады. Олар Қарулы күштердің қазіргі қызметі мен жауынгерлік әзірлігі, әскери даярлық іс-шараларын қаржылай қамтамасыз ету, министрлік бюджетінің орындалуы туралы есеп берді. Президентке армияны дамыту бағдарламасы, бөлінген қаражатты қайта бөлу мәселелері жөнінде баяндалды. Бұдан бөлек, әскери инфрақұрылымды жарақтандыру және бөлімшелердің күнделікті қызметін қамтамасыз ету жайы талқыланды. Кездесуде әскерді басқару жүйесін жетілдіру, шешім қабылдау жеделдігін арттыру, әскери резервті дайындау мәселелеріне де назар аударылды. Мемлекет басшысы Қарулы Күштердің сақадай сай болуына және армияның ең басты қажеттіліктерін қаржылық тұрғыдан өтеу, бюджет қаржысын ұтымды пайдалану мәселелері бойынша бірқатар міндет жүктеді.

Бөлісу