Басты Жаңалықтар Qyzylorda hub орталығы ЖИ негіздерін оқытуда

Qyzylorda hub орталығы ЖИ негіздерін оқытуда

Қызылордада соңғы үш жылда 4 мыңнан астам адам цифрлық сауаттылығын арттырған. Қорқыт ата университетінің базасында Qyzylorda hub орталығы бүгінде түрлі сала мамандарына жасанды интеллект негіздерін оқытып жатыр.

ІТ технологияны меңгерген жастар осы орталықта білімін жетілдіріп, түрлі жобаларды жарыққа шығарып келеді. Сонымен қатар, мұнда цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша түрлі оқу крустары тұрақты өтіп тұрады. Яғни кез келген адам жасанды интеллект жүйесі арқылы өз жұмысын жетілдіріп, одан әрі дамытуға мүмкіндік алады. Тіпті мектеп оқушылары да өз жобаларын осы жерде жүзеге асырып жатыр.

Дидар Көбенов, оқушы:

Мен бұл жерде сабақтан тыс уақытта өзімнің жобаларымды жаңартуға яғни дағдыларымды дамытуға келемін. Болашақ мамандығымды таңдап және де оған деген үлкен үлес қосып жатырмын.

Бөлісу