Жеке деректерді өңдейтін ұйымдарға бақылау күшейтіледі
Енді азаматтардың жеке деректерін өңдейтін мемлекеттік мекемелер мен түрлі ұйымдар есеп береді. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің өкілдері хабарлады. Ведомствоның Ақпараттық қауіпсіздік комитеті қазір азаматтардың жеке деректерін пайдаланатын ұйымдар туралы мәлімет жинап жатыр. 500 мыңнан астам тұрғынның дерегін өңдейтін операторларға, маркетплейстер мен түрлі сайттарға бақылау күшейіп, қатаң талаптар қойылды.
Айта кету керек, жаңа Конституцияда алғаш рет азаматтардың цифрлық құқықтарын қорғауға арналған «Цифрлық кодекс» қабылданған еді.
Үмітжан Арықбекова, ЖИ және цифрлық даму министрлігінің комитет төрағасының орынбасары:
Қазір мемлекетте жеке деректерді пайдаланып отырған ұйымдардан біз хабарлама жинап жатырмыз. Қандай ұйым қанша адамның жеке дерегін пайдаланып отыр?! Өйткені біз осы уақытқа дейін білмедік. Мемлекетте және мемлекетке қарасты ұйымдарда қаншама адамның жеке дерегі арқылы жұмыс істейді. Осы деректерді жинап болған соң біз талап қоямыз. Осы талаптардың біз қағидасын бекіттік.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы