Басты Жаңалықтар Үржарда жоғалған бала табылды

Үржарда жоғалған бала табылды

Абай облысының Үржар ауданында жоғалып кеткен жеті жасар бала аман-есен табылды. Полиция қызметкерлері оны елді мекеннен төрт шақырым қашықтағы шаруашылық алқабынан тапқан. Іздестіру жұмыстары бірнеше сағатқа созылды. Күндіз ата-әжесінің қарауында болған бала үй ауласынан өзі шығып кеткен. Туыстары оны өз беттерінше іздегенімен, нәтиже болмаған соң полицияға хабарласқан. Тәртіп сақшыларының жедел әрі үйлесімді әрекеті сәтті аяқталды.

Бөлісу