Ақтөбеде Бәкір Тәжібаевтың 100 жылдығы кеңінен аталып өтті
Биыл ақын Бәкір Тәжібаевтың туғанына 100 жыл! Көрнекті қаламгердің ғасырлық мерейтойын жерлестері ерекше атап өтіп жатыр. Ақтөбе қаласында ескерткіші де ашылды. Сонымен қатар оның өмірі мен шығармашылығына арналған қойылымның тусаукесері өтті.
Бұл – әр қазақтың жүрегінен орын тапқан ән. Дегенмен Бәкір Тәжібаевтың шығармашылығы әндермен, оған жазылған сөздермен шектелмейді. Яғни, қазақ әдебиетінде өзіндік орны, қолтаңбасы бар қаламгер. Ақын ескерткішінің ашылу салтанатына жиналған жұртшылықты өңір басшысы Асхат Шахаров арнайы келіп құттықтады. Шараға қала тұрғындары, мәдениет, өнер қайраткерлері мен ақын-жазушылар келді.
Гүлімай Әбішқызы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі:
Екі күнге жалғасатын шараның басталу алдында тұрмыз. Сондықтан осындай сәттер барлық қаламгерге де үлкен құлшыныс сыйлайды деп ойлаймын.
Бұл - Бәкір Тәжібаевқа қойылған еліміздегі алғашқы ескерткіш. Ол облыстық халық шығармашылығы орталығының алдындағы алаңға қойылды. Еңселі тас мүсін қаламгердің ұрпақтарының да көңілінен шықты.
Жасұлан Тәжібаев, ақынның ұлы:
Ескерткіш ашылғанда көзіме жас келді. Бұл менің өмір бойғы арманым еді. Екіншіден, анамның қалдырған аманаты еді. Не де болса, ескерткішті қою керек деген. Қаншама жылдан бері осыны армандап келдік.
Бәкір Тәжібаевтың ұрпақтары мен туыстарын өңір басшысы қабылдап, құрмет көрсетті. Облыста қаламгердің өмірі мен шығармашылық мұрасын дәріптеуге бағытталған мәдени-рухани іс-шаралар жыл бойы ұйымдастырылды. Бүгін «Ақбұлақ аға» кітабының таныстырылымы өтті.
Орал-Қосай Байсеңгір, ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Ақбұлақ аға» кітабының авторы:
Қолжазбаларын алып келгем. Оның ішінде 8 драмалық шығармасы бар. Оның қойылғандары бар, қойылмағандары бар екен. Сол пьессаларға қоса өзімнің шығармамды және ол туралы жазылған пьесаларымды қостым.
Облыстық драма театрда «Ақбұлақ аға» пьесасының тұсаукесері де өтті. Бұл қойылымда қаламгердің өмір жолы, шығармашылық ізденістері мен еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігі көрініс тапқан. Көрермендер режиссер мен актерлердің шеберлігін жоғары бағалады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы