Басты Жаңалықтар Мемлекет басшысы бірқатар кездесу өткізді

Мемлекет басшысы бірқатар кездесу өткізді

Ереванда өтіп жатқан саммит алаңында Мемлекет басшысы бірқатар кездесу өткізді. ЮНЕСКО Бас директоры Халед Әл-Ананимен кездесуде Қазақстан мен ұйым арасындағы білім беру, ғылым және мәдениет салаларындағы ықпалдастық келешегі талқыланды. Тараптар халықаралық бастамаларды ілгерілету және гуманитарлық байланыстарды нығайту маңызды екенін атап өтті.

Ал Еуропалық комиссияның атқарушы вице-төрағасы Тереза Риберамен болған әңгіме кезінде Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы орнықты даму, энергетика және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы ықпалдастықты тереңдету мәселелері қозғалды.

Бөлісу