Басты Жаңалықтар Қызылорда облысында оқушыларға экология тақырыбында ашық сабақ өткізілді

Қызылорда облысында оқушыларға экология тақырыбында ашық сабақ өткізілді

Қызылорда облысы Арал ауданы Сексеуіл кентінде мектеп оқушылары «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында ата-аналарымен бірге білім ордасының ауласында сенбілік өткізіп, тазалық шарасына қатысты.

Мұнан соң сыныпта танымдық сабақ ұйымдастырылып, оқушылар тұрмыстық қалдықтарды сұрыптаудың тиімділігін, жасыл желекті күтіп ұстаудың маңыздылығын ұғынды. Белсенді жастар мектепішілік еріктілер тобын құрып, алдағы уақытта «Таза Қазақстан» акциясына өз үлесін қоспақ.

Бөлісу