Басты Жаңалықтар Ыстанбұлдағы апатта қаза тапқандарға қатысты тергеу басталды

Ыстанбұлдағы апатта қаза тапқандарға қатысты тергеу басталды

Түркияның Ыстанбұл қаласында нөсер жауын кезінде адамдардың қаза табуына қатысты тергеу басталды. Прокуратура табиғи апат кезінде салғырттық пен заң бұзушылық фактілерін анықтауға кірісті. Су тасқынынан 3 адам мерт болған. 14 жастағы жасөспірімді шалшық су кешіп бара жатқанда электр тогы соққан. 34 жастағы ер адам көшеде құлап, ауыр жарақат алды. Ал үшінші адамның денесі саябақ маңынан табылды. Қалада мұндай күшті нөсер 1985 жылдан бері болмаған. 14 қазаннан бері толассыз жауған жаңбырдан тұрғын үйлерді, жолдарды, жерасты өткелдері мен кәсіпорындарды су басып, көлік қатынасы тоқтады. Түркияның метеорология қызметі жауын күшейіп, тасқын, сел болуы мүмкін екенін ескертіп отыр. Ыстанбұл тұрғындары мен қала қонақтарына аса қажет болмаса жолға шықпау, су басуы мүмкін жерлерден қашық жүру туралы кеңес берілді.

Бөлісу