Басты Жаңалықтар Пешавардағы мектепте қаза тапқандар 33-ке жетті

Пешавардағы мектепте қаза тапқандар 33-ке жетті

Пәкістанның Пешавар қаласында мектеп төбесі құлағанда 32 оқушы мен бір мұғалім үйінді астында қалып, қаза тапқан. Қайтыс болған балалардың көбі 14 жасқа толмаған. Жекеменшік мектептің төбесі дәл сабақ уақытында опырылып түсті. Қаза тапқан балалардың отбасылары әділдік талап етіп отыр. Мектеп қожайыны ұсталған. Алдын-ала мәліметтерге сай, төбенің опырылуына ғимарат инфрақұрылымның әлсіз болуы ықпал етсе керек.

Бөлісу