Басты Жаңалықтар Пәкістанда мектептің төбесі құлап, 27 адам қаза тапты

Пәкістанда мектептің төбесі құлап, 27 адам қаза тапты

Бүгін Пәкістанның Пешавар қаласындағы жекеменшік мектептердің бірінің төбесі дәл сабақ уақытында опырылып түсті. Мұғалімдер мен оқушылар үйінді астында қалып қойған. 27 адам қаза тапқан, дені – жасы 13-ке толмаған балалар. Жергілікті билік өкілдерінің дерегінше, құрбандар саны әлі өсуі мүмкін. Тағы 20 адам ауруханаға жөнелтілген. Апаттың нақты себебі әзірге белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Бөлісу