Басты Жаңалықтар Елімізде 118 млн шаршы метрден астам баспана пайдалануға берілді

Елімізде 118 млн шаршы метрден астам баспана пайдалануға берілді

Елімізде соңғы 7 жылда 118,3 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Тек былтырдың өзінде 20 миллион шаршы метр баспана салынды. Нәтижесінде 185 мың отбасы жаңа қонысқа көшті. Үкімет биыл да осы қарқынды бәсеңдетпей, құрылысты арттыра бермек. Өткен жарты жылда 11,3 миллион шаршы метр тұрғын үй халық игіліне берілді. Меже бұл көрсеткішті 20 млн шаршы метрден асыру. Тиісті министрлік өкілдерінің мәліметінше, тұрғын үй құрылысының көрсеткіші әсіресе «Наурыз» бағдарламасының арқасында тұрақты өсіп келеді. Бағдарламаға бір жылда 30 мыңнан аса адам өтініш береді.

Марат Жарболов, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Комитет төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы:

7 жылдың ішінде, яғни ол 2019 -2025 жылдар аралығында 118,3  миллион шаршы метр пайдалануға берілді. Ол шамамен 944  мың тұрғын үй. Жалпы, 7 жылдың ішінде  920 миллиард теңгеге 83 мың арендалық тұрғын үй берілді. 82 мың  2-10-20 және 5-10-20 бағдарламалары арқылы қарыздар берілді. Сонымен қатар 2024 жылдан бастап Мемлекет басшысы тапсырмасына сәйкес «Наурыз» бағдарлмасы іске асырылды. Жалпы, 2 жылдың ішінде 828 миллиард теңгеге 29 мыңнан астам өтініш мақұлданды.

Бөлісу