Елімізде 1,7 миллион оқушы тегін тамақтанады
Биылғы оқу жылында мектептерде 1,7 млн оқушы тегін тамақтанады.
Көрсеткіш соңғы жеті жылда 3,5 есе өсті. 2023 жылдан бастауыш сынып оқушыларының барлығы тегін ыстық тамақпен қамтылып келеді. Олардың отбасының әлеуметтік жағдайы мен табыс деңгейі есепке алынбайды. Білім ошақтарындағы тегін тамақтандыру бағдарламасы балалардың денсаулығын нығайтуға, дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыруға және әлеуметтік қолдау көрсеткішін көбейтуге бағытталған. Биыл бұл мақсатқа 210 миллиард теңге бөлінді. Ендігі міндет – тағамның сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл мақсатта мектеп асханасының мәзіріне жаңашылдықтар енгізілді. Ас мәзірінің құнары, тағамның сапасы мен қауіпсіздігі, санитарлық талаптардың сақталуына ерекше мән беріледі.
Жұлдыз Хасенова, Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін орта мектеп директоры:
Тамақтың сапасына көңіл бөлеміз. Әсіресе тамақтың неден жасалғанына. Бұрын, мысалы, қуырылған тамақтың орнына қазір бумен пісірілген тамақтар беріледі. Балалардың ми қозғалысына да жақсы әсер беріп тұр. Төрт апталық мәзір жұмыс істейді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы