Жаңа Конституцияда неке ұғымы нақтыланған
Қазақстанның жаңа Конституциясында неке ұғымы нақты анықталып, оның ер мен әйел арасындағы ерікті әрі тең құқықты одақ екені бекітілді. Бұған дейін қолданыста болған Конституцияның 27-бабында неке мен отбасының, ана, әке және баланың мемлекеттің қорғауында болатыны көрсетілді. Алайда некенің нақты анықтамасы Ата заңның өзінде жазылмаған еді. Ал жаңа Конституцияның 30-бабында неке ұғымы жеке норма ретінде бекітіліп, оның құқықтық сипаты айқындалды. Заңгерлердің пікірінше, бұл өзгеріс отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін заңды түрде реттеуде маңызды рөл атқарады.
Жанділдә Әжіғалиұлы, заңгер:
Осы мемлекеттегі барлық қоғамдық қарым-қатынас, оның ішінде баланың құқығы болар, бөлек бала мен әке-шешенің арасындағы қарым-қатынас болар, сосын ерлі-зайыптылар болғандықтан, өкінішке қарай, ажырасу да болады. Сондай жағдайларда жаңа Конституцияға сілтеме жасалып, біраз нормалар тағы да нақтыланған, реттелген. Толықтырулар заманауи біздің қоғамдық өмірдегі пайда болып жатқан сұрақтарға байланысты және цифрлық технологияға байланысты көптеген өзгеріс қарастырылған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы