Стандарттау талаптары отандық өндірушілерді қолдауға бағытталады
Қазақстанда мұнай-газ саласында құбыр тарту жұмыстарын 3-5 есе жеделдететін технологияға стандарт әзірленіп жатыр. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі хабарлады. Еліміздегі нормативтік-техникалық құжаттардың бірыңғай қорында 76 мың стандарттау құжаты бар. Оның 9 мыңнан астамы ұлттық стандарттар. Биыл жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, экология және электрондық денсаулық сақтау салаларындағы стандарттарды дамытуға басымдық беріліп жатыр. Жаңа талаптар өнім сапасы мен қауіпсіздігін арттырып, отандық өндірісті қолдауға бағытталған.
Қанат Қабылбеков, Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары:
Отандық тауарөндірушілерді қолдау аясында жан-жақты стандарттау жөніндегі жұмыстар экономиканың әртүрлі салаларының ерекшеліктерін ескере отырып, өнімдердің нақты түрлері бойынша жүргізілуде. Стандарттау өнімге қойылатын талаптар жүйесі ғана емес, ол технологиялық даму, өндірісті инвестицияларды, сондай-ақ жаңа нарықтарды қолдау құралына айналады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы