Қазақстан ядролық технологияларды дамытуға басымдық береді
Қазақстан уран өндіруден әлемде көш бастап, жаһандық нарықтың шамамен 40 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Ендігі міндет – осы әлеуетті өзге де стратегиялық маңызды салаларды дамытуға пайдалану. Атап айтқанда, вольфрам, фосфор және алтын өндіруде озық технологияларды енгізу көзделіп отыр. Бұл мәселе Алматыда өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда талқыланды. Жиынға отандық және шетелдік ғалымдар, инженерлер мен салалық сарапшылар қатысып, ядролық индустрияны металлургия, химия, геология, энергетика және ақпараттық технологиялармен ұштастыру жолдарын қарастырды. Конференция барысында атом энергетикасына жасанды интеллект пен цифрлық шешімдерді қауіпсіз енгізу мәселесі де сөз болды. Сонымен қатар отандық зерттеушілер мен халықаралық сарапшылар бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асырудың мүмкіндіктерін талқылады.
Бауыржан Дүйсебаев, техника ғылымдарының докторы, ядролық өнеркәсіп ардагерлері одағының төрағасы:
Соңғы он жылда Қазақстан уран өндіруден әлемде бірінші орынға шықты. Жаңа технологияларды тиімді қолдансақ, вольфрам, фосфор, тіпті алтын өндіруде де алдыңғы қатардан көріне аламыз. Мұндай кездесулер мамандардың біліктілігін арттырып, ғылыми жаңалықтарды өндіріске енгізуге және Қазақстанның технологиялық әлеуетін нығайтуға жол ашады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы