Цифрлық қауіпсіздік мәселелері талқылануда
Биыл Қазақстанның дербес деректерді автоматты түрде өңдеуге қатысты Еуропа Кеңесінің №108 конвенциясы комитеті жанынан бақылаушы мәртебесін алғаны белгілі. Бұл - жеке ақпаратты қорғаудың халықаралық тәжірибесін зерделеп, жүйені жетілдіруге мүмкіндік беретін қадам. Яғни, құжат халықаралық тәжірибені елде қолдануға жол ашады, дейді Алматыда өткен цифрлық қауіпсіздік форумына жиналған сарапшылар. Жыл басынан бері интернет алаяқтық бойынша 14414 дерек тіркелген. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 13 пайызға аз. Сарапшылардың айтуынша, алаяқтар адамдарды асықтырып, тез шешім қабылдауға мәжбүрлейді. Соның салдарынан азаматтар алданып қалады дейді. Сондай-ақ әккілер жасанды интеллектіні де пайдаланып, адамның дауысын және бейнесін қолдан жасау арқылы алдауға көшкен. Мамандар жеке компанияның атын жамылып хабарласатындарға артық үн қатпай, өз бетінше қайта хабарласуға кеңес береді. Ал мемлекеттік мекемеден сұрау салынса, eGov платформасына хабарлама келетінін ескеру қажет дейді.
Ырысты Жәлелханова, киберқауіпсіздік және деректерді қорғау саласының сарапшысы:
Бізде сонымен қатар техникалық шешімдер де бар. Оның бірі eGov платформасында дербес деректер қосымшасында ішінде сервис бар, арнайы дербес деректерді қорғау сервисі деп аталады. Ол сервис арқылы азаматқа: егер де оның дербес деректері мемлекеттік ұйымдардан алынып жатса, онда ол азаматқа SMS-хабарлама келеді. Яғни, сіздің дербес деректеріңіз осы ұйымға, осындай мерзімге өңдеу үшін сұратылып жатыр, осы арқылы өзіңіздің келсіміңізді бересіз бе, жоқ па деген хабарлама келеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы