Басты Жаңалықтар Ұлттық қордан үш жылда ₸5 триллион бөлінеді

Ұлттық қордан үш жылда ₸5 триллион бөлінеді

Ұлттық қордан үш жылда 5 триллион теңге бөлінеді. Нақты айтсақ, 2027 жылы 2 трлн теңге, ал 2028-2029 жылдары жыл сайын 1,5 трлн теңге көлемінде нысаналы трансферт көзделді. Бұл қаражат қайда жұмсалады? Бүгін Құрылтайда бюджеттің алдағы үш жылға арналған жоспары таныстырылды. Әріптесім Самал Қабышева рет-ретімен баяндауға дайын. 

Самал Қабышева, тілші:

Алдағы үш жылда Ұлттық қордың ақшасына 347 маңызды жоба жүзеге асады. Қаражат төрт негізгі бағытқа жұмсалады. Олар – көлік және логистика, әлеуметтік сала, энергетика және су инфрақұрылымы. Яғни халыққа қажетті нысандар салынып, инфрақұрылым жақсарады. Жобалар 31 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Ал ең бастысы - еліміздегі 13 миллионға жуық тұрғынның тұрмыс сапасын жақсартуға жол ашады деп болжануда. 2027 жылдың үш негізгі көрсеткіші: кіріс 25,4 трлн теңге; шығыс 30,2 трлн теңге; бюджет тапшылығы 4,6 трлн теңге. Қазақстан экономикасы алдағы үш жылда жыл сайын 5 пайыздан жоғары өседі деген болжам бар. Экономикаға серпін беретін негізгі салалар – өндіріс, ауыл шаруашылығы мен құрылыс. Өндіріс артып, жаңа жұмыс орындары ашылып, баға тұрақталып, халықтың тұрмысын жақсарту – Үкіметтің басты бағыты.

Бөлісу