Мемлекет басшысы World Aquatics президентін қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев World Aquatics
президенті Хусейн Әл-Мусалламмен кездесті. Кездесу барысында Қазақстанда су
спортын дамыту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Президент отандық спортшылардың халықаралық жарыстарда, соның ішінде Олимпиада
ойындары мен әлем чемпионаттарында көрсетіп жүрген нәтижелеріне тоқталды.
Сондай-ақ спорт инфрақұрылымын дамытуға және халықаралық деңгейдегі жарыстарды
өткізуге жағдай жасауға басымдық беріліп отырғанын атап өтті. Өз кезегінде
Хусейн Әл-Мусаллам қазақстандық спортшылардың жетістіктерін тілге тиек етіп,
елде су спортын дамыту әлеуеті жоғары деді. Кездесу соңында Мемлекет басшысы
Хусейн Әл-Мусалламды әлемде және Қазақстанда су спортын дамытуға қосқан үлесі
үшін ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы