Бельгия Королі мен Патшайымы қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерімен танысты
Бельгия
Королі Филипп пен Патшайым Матильданың сапары Алматыда жалғасады. Мемлекет
басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі меймандарды елорда әуежайынан шығарып
салды. Корольдік отбасы бірқатар нысандарды, этноауыл мен қаланың көрікті
орындарын аралайды деп жоспарланған. Сапар бағдарламасында мәртебелі
меймандарды қазақ халқының бай рухани мұрасымен және салт-дәстүрлерімен
таныстыруға ерекше мән берілетінін атап өткен жөн. Бұған дейін қадірлі қонақтар Президент
Қасым-Жомарт Тоқаевтың резиденциясында, шетел басшылары елімізге сыйға тартқан
асыл тұқымды арғымақтарды да тамашалады. Король мен
Патшайымға атбегілер сәйгүліктердің шығу тегі, ерекшеліктері мен күтімі туралы
айтып берді. Сондай-ақ құрметті қонақтарға қазақтың ұлттық ат спорты
ойындарынан шағын көрініс қойылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы