Басты Жаңалықтар Мәслихат депутаттарының сайлауы 29 қарашада өтеді

Мәслихат депутаттарының сайлауы 29 қарашада өтеді

Елімізде барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады. Саяси науқан мажоритарлық, яғни аралас сайлау жүйесі бойынша ұйымдастырылады. Сонымен, депутаттар қанша мандат үшін бақ сынайды? Кандидаттарға қойылатын талап қандай?

Асылбек Данияр, тілші:

Бұл - Халықтық Конституция қабылданғаннан кейін  елімізде бірінші рет өткізілгелі жатқан мәслихат депутаттарының сайлауы. Иә, бұл саяси науқан аралас сайлау жүйесі бойынша өтеді. Яғни кандидаттар тек партиялық тізім бойынша емес, өзін-өзі де ұсына алады. Ол үшін үмітер 20 жасқа толған, сотталмаған және Қазақстан азаматы болуы керек. Кандидаттар 228 мәслихаттың 3447 мандаты үшін таласады. Олар 5 жыл мерзімге сайланады.

Асылбек, сайлауға қанша партия қатыса алады? Отырыста айтылды ма?

Асылбек Данияр, тілші:

Иә, Әділет министрлігінің өкілі елде 8  партияның тіркелгені туралы айтып өтті. Ол: «Әділет», «Ауыл, «Республика» «Ақ жол», ЖСДП, ҚХП, «Байтақ» және Amanat партиялары. Алайда Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Amanat  партиясы саяси науқанға қатысудан бас тартқанын мәлімдеді.

Енді сайлау процесі туралы бірер ақпар. Науқан ұзақтығы 48 күнге ұласады. Сайлау күнтізбесі туралы комиссия төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман айтқан болатын, режиссерлер назарларыңызға ұсынса.

Мұхтар Ерман, ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

Асылбек Данияр, тілші:

Сайлау жарнасы туралы бірер ақпар айта кетсем. 2023 жылы өткен мәслихат депутаттары сайлауында 5 пайыздан жоғары дауыс жинаған саяси ұйымдар жарна төлеуден босатылады. Ал халықтың 1  және 5  пайызға дейін қолдауына ие болғандар 212 - 297 500 теңге жарна төлейді. Бірінші рет қатысатындар. 425 000 теңге аударуы керек.

Бөлісу