Басты Жаңалықтар Әр-Рияд әуежайы сенбіге дейін жабылды

Әр-Рияд әуежайы сенбіге дейін жабылды

Cауд Арабиясының астанасы әр-Риядтың Король Халид атындағы халықаралық әуежайы сенбіге дейін жабық болады. Оның жұмысын тоқтату туралы шешім мерзімі бүгін ұзартылған. Сонымен қатар мұнда барлық ұшақ сапарлары доғарылып жатыр. Бұл авиациялық портқа йемендік хуситтер сенбіден бері екі мәрте шабуыл жасап, 14 адам мерт болып, 320-ға жуығы жараланды. Саудия азаматтық авиация басқармасының мәлімдеуінше, әуежай қауіпсіздік мәселесі шешіліп, қызметке дайын болғанда қайта іске қосылады. Ираншыл шиит-хуситтер Саудия Йемен үкіметінің армиясына көмектескені үшін оның аумағына қайта-қайта соққы беріп жатыр.

Бөлісу