Ел жаңалықтарына шолу
4 мың шақырымнан астам автожол жөнделіп жатыр
Елімізде 4 мың шақырымнан астам автомобиль жолы жөнделіп жатыр. Қазір 3,6 мың шақырымнан астамында орташа жөндеу, ал 343 шақырымда күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынған. Жыл соңына дейін күрделі жөндеуден өткен 97 шақырым жол пайдалануға беріледі.
Ішкі туризм дамып келеді
2019–2025 жылдары Қазақстанның ұлттық парктеріне келушілер саны 1,38 миллионнан 3,6 миллион адамға дейін өсті. Осы кезеңде ішкі туристер саны 5,29 миллионнан 8,66 миллионға жетіп, салаға салынған инвестиция көлемі 1,26 триллион теңгеге жетті. Ендігі мақсат – 2029 жылға қарай ішкі туристер санын 11 миллионға жеткізу.
Сарбаздар дрон басқаруды үйреніп жатыр
Түркістандағы Ұлттық ұланның сарбаздары ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқаруды меңгере бастады. Биылдан бастап дрон операторларын даярлау жауынгерлік дайындық бағдарламасына енгізіліп, сарбаздар құрылғыларды басқару мен техникалық қызмет көрсетуді үйреніп жатыр.
Рыбакина мен Соболенко АҚШ-та өтетін турнирге қатысады
Әлемдік рейтинг көшбасшысы Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мен Арина Соболенко қарашада өтетін WTA турниріне қатысатындарын жариялады. Былтыр Эр-Риядта өткен жарыстың финалында Рыбакина Соболенкодан басым түсіп, мансабында алғаш рет беделді титулды жеңіп алған еді. Биыл қос теннисші тағы да кездесуі мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы