Ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау 2 есе артты
Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің
экспорты 2 есе артты.
Соңғы 7 жылда саладағы
өсім тұрақты. Жалпы өнім көлемі 5,2 трлн теңгеден 9,8 трлн теңгеге дейін жетті. Мамандардың айтуынша әсіресе өсімдік
және мал шаруашылығы саласында айтарлықтай нәтиже бар. Мәселен, жылқы
саны 60 пайызға көбейген. Сонымен қатар, азық-түлік өндірісі екі жарым
есеге ұлғайды.
Инвестиция көлемі 495 млрд теңгеден 1,2 трлн теңгеге дейін жетіп отыр. Ал еңбек өнімділігі 2,5
есе көбейген. Алдағы кезеңде саланы дамытудың негізгі
басымдықтары –
заманауи технологияларды енгізу, су ресурстарын тиімді пайдалану, ауыл
шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу және экспорт көлемін артыру көзделген. Бұл
шаралар отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілетін арттырып,
агроөнеркәсіптік кешеннің ел экономикасындағы үлесін нығайтуға мүмкіндік
береді, - дейді
мамандар.
Жасұлан Ыбырайханов, Ауыл шаруашылығы министрлігі департамент директорының орынбасары:
Ауыл шаруашылығы өнімдері 70-тен астам елге экспортталады. Екі есе өсіп жатыр, ол 3,9 млрд доллардан, 4 млрд долларға дейін. Қытайға, Өзбекстанға, Ауғанстанға, Қырғызстанға және басқа елдерге. Ұн, өсімдік майы, майлы дақылдар жоғары сұраныста.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы