Басты Жаңалықтар Тұмауға қарсы екпе салу басталды

Тұмауға қарсы екпе салу басталды

Алматыда тұмауға қарсы вакцинация басталды. Тегін екпе балаларға, жүкті әйелдерге, 65 жастан асқан азаматтарға және созылмалы ауруы бар адамдарға салынады. Ал екпе алу бойынша тұрғындар өз емханасынан нақтылай алады. Мамандардың айтуынша, тұмауға қарсы вакцина аурудың алдын алып, аурудың асқыну қаупін азайтуға көмектеседі.

Бөлісу