Басты Жаңалықтар Конституцияда азаматтардың еңбек ету және мамандық таңдау құқығы нақты айқындалған

Конституцияда азаматтардың еңбек ету және мамандық таңдау құқығы нақты айқындалған

Жаңа Конституция бойынша әр азаматтың еңбек ету және мамандық таңдау құқығы бар. Бұл ел тұрғындары үшін маңызды норма.

Жаңа Конституцияның 27-бабына сәйкес, әр адам еңбек етуге, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқылы. Мемлекет азаматтардың жұмыс орнындағы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ адал еңбегі үшін сыйақы алуына және әлеуметтік қорғалуына кепілдік береді. Яғни, әр адамның  қабілеті мен кәсіби біліміне сәйкес еңбек етуіне, заңды түрде табыс табуына шектеу жоқ. Конституциядағы бұл норма халықаралық заң талаптарына да сәйкес келеді.

Айнұр Нұриддинова Қ. Жұбанов атындағы өңірлік университеттің құқықтану кафедрасының меңгерушісі:

Барлық механизм, ресурс қарастырылған. Өзінің қызметін еркін таңдауға және өз міндеттерін, құқықтарын қорғауға болады. Сонымен бірге бұл тек Конституция емес, халықаралық стандартқа да сай келеді. Бұл - 1948 жылғы «Жалпыға бердей адамдар қөұқықтары туралы» декларация. Оның ішінде экономикалық, әлеуметтік құқықтар туралы айтылған.

Бөлісу