Басты Жаңалықтар Балалардың мүмкіндігін теңестірген фестиваль

Балалардың мүмкіндігін теңестірген фестиваль

«Әділет» партиясы ұйымдастырумен еліміздің бірнеше өңірінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған «Тең мүмкіндіктер» фестивалі өтіп жатыр.  Ақтөбе, Шымкент және Көкшетау қалаларында ұйымдастырылған шараға 600 бала қатысып, бочча, жеңіл атлетика және эстафетадан сынға түсіп, командалық жарыстарда бақ сынады.

Фестивальдің мақсаты – балалардың қабілетін шыңдап, жаңа достар табуына мүмкіндік жасау. Өңірлік кезеңдердің қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар республикалық кезеңге жолдама алады. Шара еліміздің өзге де өңірлерінде жалғасып жатыр.

Мұрат Жолдыхожаев, «Әділет» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы:

Балалар үшін спорт – тек жарыс немесе нәтиже емес, өз күшін сынайтын, жаңа достар табатын, қатарларымен бірге уақыт өткізетін орта. Сондықтан әр баланың спортпен айналысып, өз құрдастарымен бірге жарысқа қатысуына мүмкіндік беру қажет. Бүгінгі фестивальдің басты мәні – осы. Біз балалардың бір ортада еркін араласуына жағдай жасауымыз керек.

Бөлісу