Кейбір медициналық қызметтерге МӘМС мәртебесі қажет болмауы мүмкін
Келесі жылдан бастап кейбір медициналық қызмет түрлері МӘМС-тің бар-жоғына қарамастан, тегін көрсетілуі мүмкін. Атап айтқанда, жалпы қан талдауын тапсыру, қан қысымын өлшеу, электрокардиографиядан өтуге, қандағы оттегі деңгейін тексеруге және флюорографиядан өтуге болады. Сондай-ақ бүйрекке ультрадыбыстық зерттеу жүргізіледі. Мұның бәрі тек алғаш рет жүгінгенде ақысыз. Ал әрі қарай сақтандыру жарнасы қажет. Ескеретін жайт, аталған медициналық қызметтерді тегін көрсету әлі заң жүзінде бекітілген жоқ. Әзірге бұл Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы ретінде ғана жарияланып отыр. Мәселе 23 қазанға дейін талқыланады.
Әсел Қыдыралиева, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі департамент директорының орынбасары:
Азаматтар ешқандай сақтандыру мәртебесіне қарамастан, жедел жәрдем, стационарлық көмекке толық қол жеткізе алады. Яғни пациент сақтандыруым жоқ жедел жәрдемге жүгіне алмаймын деп отырмайды. Бұл аталған базалық медициналық көмек сақтандыру мәртебесі бар-жоғына қарамастан жылына бірінші рет медициналық көмекке жүгініп отырған науқастарға қатысты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы