Басты Жаңалықтар Қоғамдық келісім – ортақ мақсат

Қоғамдық келісім – ортақ мақсат

Бүгінде Қазақстанда 130-ға жуық этнос өкілі бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Олардың мәдениеті мен дәстүрін дәріптеп, өзара түсіністік пен ынтымақты нығайтуда этномәдени бірлестіктердің орны ерекше. Халық кеңесінің жұмысы қоғамдық келісімді нығайтып, түрлі этнос өкілдерінің пікір алмасуына жол ашады. Мұндай диалог алаңдары ел ішіндегі бірлікті бекемдеп, ортақ мақсат жолында күш біріктіруге мүмкіндік береді. Басты мұрат – татулықты сақтап, Қазақстанның өркендеуі мен гүлденуіне үлес қосу.

Кемел Оспанов, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы:

Халық кеңесі диалогтық алаңы құрылғаннан бері ой-пікірлерін айтатын этно-мәдени бірлестіктердің рөлі ерекше болатынына сенемін. Жан-жақта болып жатқан жағдайдың өзі бәрімізді толғандырады. Қоғамымызда орны ерекше, сондықтан, Қазақстанымыздың өркендеп, гүлденуі жолында көптеген қызметтер атқарады деген сенімдемін.

Бөлісу