Басты Жаңалықтар Smart audit Qazaqstan жобасы жүзеге асады

Smart audit Qazaqstan жобасы жүзеге асады

Елімізде Smart audit Qazaqstan жобасы жүзеге асады. Жаңа жүйе бюджеттегі қаражаттың тиімсіз жұмсалуын анықтайды. Бұл туралы қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов мәлімдеді. Smart audit Qazaqstan жүйесі процестерге онлайн аудит жүргізеді. Бюджет қаражатын жоспарлау, мемлекеттік сатып алуларды өткізуден бастап, жобаларды іске асыру және қазынашылық төлемдерді бақылауға мүмкіндік береді. Осы арқылы мемлекеттік сатып алулардың заңдылығы мен бюджет қаражатын жұмсау тиімділігін бағалау жоспарланып отыр.

Әсет Тұрысов, Қаржы вице-министрі:

Бұрын аудиторлар қандай да бір ақпаратты сауал арқылы сұрауға мәжбүр бослса, енді Smart Audit Qazaqstan тұжырымдамасы аясында барлық қажетті мәліметті онлайн режимде алуға болады. Бұл бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың кез келген ықтимал жағдайының алдын алуға мүмкіндік береді.

Бөлісу