Басты Жаңалықтар Сантьяго көшелерін лай басты

Сантьяго көшелерін лай басты

Чили астанасы Сантьяго көшелерін лай басқан. Бұған үздіксіз нөсер кезінде болған алапат су тасқыны себеп болды. Көліктер лайға батып, тұрғындардың дүние-мүлкіне зақым келген. Тасқын автомобильдерді, қоғамдық автобустарды шайып әкетіп, үйлерді, ауруханаларды, мектептерді су басқан. Тұрғындар қауіпсіз жерлерге тікұшақтармен көшірілді. Мамандардың айтуынша, табиғи апатқа Эль-Ниньо құбылысы себеп болып отыр. Ол өңірге мөлшерден жоғары ылғал, екпінді жел мен дауыл әкелген.

Бөлісу