Басты Жаңалықтар Тұрғын үйден стартап жобаға дейін: «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауы өтті

Тұрғын үйден стартап жобаға дейін: «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауы өтті

«Әділет» партиясы Орталық аппаратының қоғамдық қабылдау бөлмесіне оқушылар да жүгінуде. Мәселен, 11-сынып оқушысы стартап жобасын жүзеге асыруға көмек көрсетуді өтінді. Депутат бұл өтінішті онлайн режимде қарады. Жоба сауда нысандарының қызметін дамытуға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Тұрғын үй, зейнетақы  мәселесі, жұмысқа орналасу сынды түрлі сауалмен өзге тұрғындар да жүгінді.

Тілектес Адамбеков,  ҚР Құрылтайының депутаты

Осы сұрақтардың бәрімен жұмыс істейтін боламыз. Ол жәй ғана құзіретті органдарға өтініштерін жіберу емес. Осы жұмыстарды нәтижелі шешімін шығарып, осы кісілермен кері байланысты нығайтып, жауаптарын алып, көегіміз тисе, міне сол біздің бсты мақсатымыз.

Бөлісу