Енді талдау нәтижесін емханаға бармай алуға болады
Қазақстандықтар енді емханаға бармай-ақ тексеру нәтижелерін ала алады.
Талдау қорытындылары емделушінің жеке кабинетіне автоматты түрде жіберіледі. Бұл
норма алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету стандартына енгізілді. Жаңашылдықтың
мақсаты - медициналық көмекті қолжетімді етіп, пациенттің уақытын үнемдеу. Құжатта
емханалардың жұмысын бағалаудың бірыңғай 100 балдық жүйесі де қарастырылған.
Енді медициналық ұйымдардың қызметі нақты көрсеткіштер бойынша бағаланады. Мәселен,
пациенттің дәрігер қабылдауында өткен уақыты, қажетті тексеруден дер кезінде өткені
және ауруханадан шыққаннан кейін бақылауда болғаны ескеріледі. Балалардың
жоспарлы екпеден өтуі және скринингтік тексерулермен қамтылуы есепке алынады.
Сондай-ақ сүт безі, жатыр мойны және тоқ ішек обырына күдік туған жағдайда қосымша
диагностиканың уақытылы аяқталуы бағаланады. Пациенттердің пікірі назардан тыс қалмайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы