«7-20-25» ипотекасына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
«7-20-25» ипотекалық бағдарламасына қазанда биылғы соңғы транш 25 млрд теңге бөлінді. Соңғы тоғыз айда банктер 75 млрд теңгеге жуық қаржыны игеріп, 3700-ге жуық несие берген.
Еске салсақ, «7-20-25» ипотекалық
бағдарламасының бір жылға жоспарланған лимиті 100 млрд теңге. Аталған бағдарлама шарттары қарапайым. Ипотеканың
жылдық мөлшерлемесі – 7 пайыз, бастапқы
жарна – 20 пайыз, несие 25 жылға дейін
беріледі. Қарыз алушы мен оның жұбайының атында соңғы 1,5 жыл ішінде баспанасы
болмауы керек. Бағдарламаға азаматтар бір рет қана
қатыса алады. Сондай-ақ олардың басқа ипотекалық қарызы болмауы тиіс. 7 пайыздық ипотека құнына қатысты шектеу бар. Алматы,
Астана, Ақтау, Атырау және Шымкент қалалары үшін 30 млн теңге. Қарағанды үшін 25
млн теңге, ал қалған өңірлер үшін 20 млн теңге.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы