Ел жаңалықтарына шолу
Қазақстан күрішінің экспорты артты
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты. Биыл сегіз айда 145 мың тонна
күріш өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 19 пайызға жуық артық. Ал жеті
айда сыртқы нарыққа 90 мың тоннаға жуық күріш жөнелтілді. Негізгі бағыттар
-Ауғанстан, Тәжікстан, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан.
Ауылға жұмыс істеуге барған мамандарға қолдау көп
Ауылға жұмыс істеуге барған ІТ және архив ісі саласындағы мамандарға әлеуметтік
қолдау көрсетіледі. 100 еселенген АЕК мөлшерінде көтерме жәрдемақы беріледі.
Бұл шамамамен 432 мың теңге. Аудан орталығынан үй сатып алу немесе салуға 2 500
АЕК бюджеттік кредит беріледі. Бұл 11
млн теңгеге жуықтайды. Ал ауылдық елді мекеннен баспана алуға 8,6 млн
теңге көлемінде бюджеттік кредит қарастырылған.
АҚШ-тың ықпалды адамдарының тізімі шықты
Vanity Fair журналы «жаңа элитасының» тізімін жасаған. Оның басында OpenAI
компаниясының бас директоры Сэм Альтман тұр. Ол SpaceX компаниясының бас
директоры Илон Маскты және Мемлекеттік хатшы Марко Рубионы басып озған. Қазір Америкадағы ең ықпалды тұлға әлемді өзгерте алатын жандардың бірі, OpenAI
компаниясының бас директоры Сэм Альтман. 37 жасында ол жасанды интеллект революциясының символына
айналған ChatGPT-ны іске қосты, Ал, Tesla және SpaceX компанияларының бас
директоры Илон Маск үздік үштікті түйіндеді.
Қазақстан Азия пара ойындарында жаңа спорт түріне
қатысады
Қазақстан Азия пара ойындарында жаңа спорт түрінен алғаш рет жарысқа шығады.
Атап айтқанда, құрама арбадағы теннистен тұңғыш рет бақ сынайды. Сонымен қатар
пара жеңіл атлетикадан зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшылар да алғаш
рет ел намысын қорғайды. Дода 18-24 қазан аралығында Жапонияда өтеді. Байрақты
бәсекеде Қазақстан ұлттық командасының 150 спортшысы спорттың 12 түрі бойынша
өнер көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы