Басты Жаңалықтар Сарапшы: Халық кеңесі – қоғамды топтастырудың жаңа тетігі

Сарапшы: Халық кеңесі – қоғамды топтастырудың жаңа тетігі

Қазақстанның саяси дамуы ел халқының этностық және діни әралуандығымен тығыз байланысты. АҚШ Вебстер университетінің доценті, халықаралық сарапшы Ираклий Джавахишвили осындай пікірде. Айтуынша, биыл құрылған Қазақстан Халық кеңесі қоғамды топтастыру мен біріктірудің жаңа әрі тиімді тетігіне айналып отыр.

Сонымен бірге сарапшы елімізде азаматтарды ұлтына, тіліне немесе дініне қарай кемсітуге жол бермейтін құқықтық база қалыптасқанын атап өтті. Ол елдің көпэтносты және көпконфессиялы сипаты институционалдық жүйеде де көрініс тапқанын жеткізді.

Ираклий Джавахишвили, Вебстер университетінің доценті, халықаралық сарапшы:

Қазақстанның әлеуметтік және саяси дамуы ел халқының этностық және конфессиялық құрамының алуан түрлілігімен тығыз байланысты. Сондықтан мемлекеттік институттарды жаңғырту барысында қоғамдық келісімді сақтау маңызды бағыттардың бірі болып қала береді. Ал Қазақстан Халық кеңесінің құрылуы этномәдени бірлестіктердің, азаматтық қоғам ұйымдарының және жергілікті өкілді органдардың өкілдерін біріктіретін жаңа конституциялық консультативтік тетікті қалыптастыруға жол ашты.

Бөлісу