Басты Жаңалықтар Алматы тау кластері 10 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді

Алматы тау кластері 10 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді

Алматы тау кластері 10 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Осы мақсатта колледж студенттерін жұмыспен қамтуға басымдық берілуде. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, еңбек нарығындағы нақты сұранысқа сай маман даярлау үшін оқу бағдарламалары да жаңартылады. Жұмыс берушілердің өтінімі негізінде жастар кәсіптерге оқытылады. Бұл түлектердің оқу аяқталған соң жұмысқа орналасуына жол ашады. Жаңа қонақ үйлер, туристік орталықтар мен тамақтану орындары көбейген сайын білікті кадрға сұраныс артуда.

Ақзира Қасымова, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті директоры

 Бұл жобада колледждердің рөлі маңызды. Бүгінде Алматы қаласында және Алматы облысында 13 колледжде туризм бағытында 1700-ге жуық студент білім алады. Студенттердің 42 пайызы дуалды оқытумен қамтылған. Біз жұмыс берушілермен бірге қажетті мамандарды алдын ала анықтап, оқу бағдарламаларын сол сұранысқа жаңартатын боламыз. Компаниялардың нақты өтінімдері бойынша жастарды нақты жұмыс орындарына даярлап, кейін жұмысқа орналасуына жағдай жасаймыз.  

Бөлісу