Солтүстік аралдағы су көлемі 23,5 млрд текше метрге жетті
Солтүстік Аралдағы су көлемі артып келеді. Бүгінде мұнда 23 млрд текше метрден аса су жиналды. Ал 2022 жылы бұл көрсеткіш 19 млрд текше метр болған. Бұл жүргізіп келе жатқан жүйелі жұмыс нәтижесі. Осы кезеңде Солтүстік Аралдың аумағы 36%-ға ұлғайып, су көлемі екі есеге жуық артты, ал минералдану деңгейі екі есе төмендеді. Су айдынындағы тірі организмдер мен экожүйенің қалпына келуіне ықпал етті.Қол жеткізілген көрсеткіштерді сақтау мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігі жыл сайын Сырдария өзенінің арнасы арқылы кемінде 2 млрд текше метр су жіберуді қамтамасыз етеді. Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында берген тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылуда.
Жандос Сәлімов ҚР су ресурстары және ирригация вице-министрі:
Теңізді одан әрі сақтау мақсатында Үкімет Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, Солтүстік Аралды қалпына келтірудің екіншікезеңі әзірледі. Жоба аясында Солтүстік Арал су деңгейін Балтық жүйесі бойынша су деңгейін 44 метрге дейін көтеру үшін Көкарал бөгетін реконструкциялау көзделген. Нәтижесінде, су көлемін 34 млрд текше метрге дейін ұлғайту жоспарлануда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы