«JOLTAP» жобасы барлық өңірде жүзеге асуы мүмкін
Нақты сұранысқа ие мамандыққа оқыту. Нақты жұмыс - тұрақты табыс. Астанада жүзеге асып жатқан «JOLTAP» жобасы енді өзге өңірлерде қолғаа алынуы мүмкін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев жоба тәжірибесін арнайы зерделеп, оны еліміздің басқа аймақтарында іске асыру мүмкіндігін қарастырды. Әлеуметтік жобаның жұмысымен танысты. «JOLTAP» курстары жергілікті бизнес пен кәсіпорындардың кадр қажеттілігіне қарай әзірленеді. Оқыту тегін және 5 күннен 22 күнге дейін созылады. Сабақтардың шамамен 80 пайызы практикаға бағытталған.
Жоба іске асқалы бері 30 курс іске қосылып, 22 мыңнан аса адам қысқа мерзімді оқудан өткен. Биыл азаматтар 18 мамандық бойынша білім ала алады. Оның ішінде тігін, дәнекерлеу, электромонтаж және цифрлық бағыттар бар. Жоба дерегіне сәйкес, түлектердің 60 пайызы жұмысқа орналасқан, 23 пайызы фриланс арқылы табыс тауып жүр.
Ал 2 мыңнан астам қатысушы өз кәсібін ашып, жаңа жұмыс орындарын құрған.
Әйгерім Момышева, «JOLTAP» жобасының қатысушысы:
Мен осы «JOLTAP» жобасында тігінші, таргетолог, модельер-конструктор мамандықтарын оқып бітірдім. Грант ұтып алдым. Оқып болғаннан кейін өзімнің отандық брендтегі қонжық атты ойыншықтарымды тігіп шығарамын. Kaspi магазинде сауда сатып жатырмын. Және осы «JOLTAP» жобасы мен жұмысқа шақырды. Қазір мен өзімнің тәжірибемді оқушыларға айтамын.
Асқарбек Ертаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
«JOLTAP» жобасымен таныстық. Ол Астана қаласындағы іске асыдағы жоба. Жалпы, бұл жобаны ары қарай іске асыруды жоспарлаймыз. Бұл жоба біздің министрліктің жеке бақылауында. Біз әкімдіктермен бірлесіп істейміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы